Ақан Сатаевтың «Она» фильмінің ресми трейлері шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі режиссер Ақан Сатаевтың «Она» фильмінің ресми трейлері шықты. Ол күзде көрерменге жол тартпақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

​ Фильмнің басты рөлін  Айсұлу Әзімбаева сомдайды. Психологиялық триллер жанрында түсірілген картина Astana Film Fund компаниясының екінші жобасы.

«Фильм үлкен қалада өмір сүретін  бойжеткен қыздың өмірін суреттейді. Бойжеткен өзін жалғыз сезінгені соншалық ол үшін көшелер, дүкендер, метро стансиялары, кеңселер қаңырап қалғандай. Оның жалғыздығын тек кішкентай қыз ғана бөліскендей болады. Алайда оның өмірі аяқ астынан түбегейлі өзгереді...»,- делінген Astana Film Fund-ның баспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар