Ақан Сатаев жаңа фильмдеріне сымбаты келісті актерлер іздейді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Sataifilm кастинг-директорының ассистенті Әйгерім Абылханова жаңа жобалар мен ондағы актерлерге қойылатын талаптар туралы әңгімелеп берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Актерлерді іріктеу «Көшбасшы жолы. Астана» және «Томирис» атты екі толық метражды көркем фильмге жүргізіліп жатыр.

Ә. Абылханованың айтуынша, Астанадағы кастингке 2 мың адам келген. Толық метражды қойылымы күрделі «Томирис» фильмінің түсірілімі 2018 жылға жоспарланған. Бұл тарихи фильм болмақ. Мұнда әртүрлі типаждар көрсетіледі.

«Актерды таңдауда ең басты қойылатын талап - оның дарыны. Егер адам бұрын киноға түссе, ол бірден білінеді. Барлығы суретке түсуден басталады. Камера адамның сыртқы келбетін анық көрсетеді. Бұл басты кейіпкерді таңдауда аса маңызды. Кейбір адамдар дайындықсыз көшеден келсе де, сахнада ашылады», - дейді Sataifilm кастинг-директорының ассистенті.

Кастинг шілде айының соңында аяқталады. Нақты таңдау қыркүйекте жасалады. Актерлық құрам бекітілгеннен кейін «Көшбасшы жолы. Астана» фильмінің түсірілімі басталады. 

Соңғы жаңалықтар