Ақан Сатаев Президент туралы түсіріліп жатқан фильмнің кадрларымен бөлісті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал қазақстандық кинорежиссер Ақан Сатаев өзінің Инстаграм парақшасында Қазақстан Президенті туралы түсіріліп жатқан киноэпопеяның кадрларымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кадрларда ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков пен ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының келгені түсірілген.

«Біздің «Көшбасшы жолы. Астана» фильмінің түсірілім алаңына кеше ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков  келіп кетті. Ол аталған жобаның кураторы әрі авторларының бірі. Сонымен бірге, түсірілім алаңында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы болды», - деп жазды режиссер Инстаграм парақшасында.

«Көшбасшы жол» киноэпопеясы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен еңбегі туралы бірнеше деректі фильмнен тұрады.

Соңғы жаңалықтар