Ақан Сатаев кішкентай Тұмар патшайымды іздеп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық режиссер Ақан Сатаев «Тұмар» патшайымның бала кезіндегі рөліне 3-10 жастағы қыздарды іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кинокартинада Тұмар патшайымның туған кезінен бастап есейген шағына дейін көрсетіледі.

«Бүгінде бірнеше үміткер іріктелді. Бірақ таңдау әлі жалғасып жатыр. Үміткерлердің суреттерін біздің кастинг директорымыздың поштасына жіберуге болады» - деді Д. Шишкин.

Бұдан бұрын Ақан Сатаев Тұмар патшайымның рөлін сомдайтын аруды таныстырған болатын.

28 жастағы Альмира Тұрсынды кастинг директор Instagram желісінен көріп, киноға шақырған.

Альмира қазір психолог мамандығымен жұмыс жасайды. Тұмар патшайым оның өміріндегі алғашқы киносы.

«Қазақфильм» киностудиясы ақылы кастинг жүргізіп жатқандар туралы ақпаратты жоққа шығарды,

«Кастинг жариялаған кезде көп адамдар осыны арқасында оңай олжа тапқысы келеді.  Алаяқтар әрекетсіз жатпайды. Ресми ақпарат киностудияның ресми парақшасында жарияланды. Кастингтердің барлығына қатысу ақылы емес. Кастинг директорының өзі үміткерлерді іріктеп, сынақ түсіріліміне шақырады», - деді «Қазақфильм» киностудиясының PR-директоры Дмитрий Шишкин.

Айта кету керек, бүгін әлеуметтік желіде кастинг ақылы болатыны туралы ақпарат тараған еді.

Фото:brod.kz

Соңғы жаңалықтар