Ақан Сатаев фильмінің әлемдік премьерасы Кореяда өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал режиссер Ақан Сатаев өзінің «Ол» картинасының әлемдік премьерасы қай жерде өтетіндігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«22-ші Пусан халықаралық кинофестивалінің ашылуында. Ертең фестивал шеңберінде біздің «Ол» атты жаңа туындымыздың әлемдік премьерсы өтеді»,- деп жазады Сатаев Фейсбуктегі парақшасында.


Еске сала кетейік, «Ол» картинасының ресми трейлері мамыр айында шыққан болатын .  Фильм үлкен қалада өмір сүретін  бойжеткен қыздың өмірін суреттейді.

Халықаралық Пусан кинофестивалі 1996 жылдан бері жыл сайын өтіп келеді. Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтетін бұл байқау Азиядағы ең ірі кинофестиваль саналады. Кейбір сарапшылар оны «Азия Оскары» деп те атайды. Байқауға негізінен жас режиссерлердің жұмыстары қатысады.

Соңғы жаңалықтар