Академик Уәлихан Бишімбаевтың 70 жылдығына ғылыми-тәжірибелік конференция арналды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, мемлекет және қоғам қайраткері Уәлихан Бишімбаевтың 70 жылдығына орай «Қызылорда облысының индустриалық-инновациялық даму стратегиясы: жаңа ұстанымдар және тенденциялар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық мәжілісі өтті.

Оған Қызылорда облысының әкімі, саяси ғылымдарының докторы Қырымбек Көшербаев қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пленарлық мәжілісті Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы ашып, ғылыми шараның маңыздылығына тоқталды.

Уәлихан Қозыкеұлы Бишімбаев Қызылорда облысының Құрметті азаматы. Техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР білім, ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қызылорда облысының білім беру саласының дамуына зор еңбек сіңірген қайраткер.

Ғылыми конференция барысында еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары баяндамалар жасады.

Конференцияда  ұсынымдар қабылданып, салалық бағыттар бойынша секциялар жұмысы жалғасты. 

Соңғы жаңалықтар