Ақ Олимпиадаға қатысқан қазақстандықтарға сыйақы берілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өткен қысқы Олимпиадада сыйақы белгіленген орындарды (1-6) алған қазақстандықтар марапатталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Олимпиада ойындарының қола медалін жеңіп алған Юлия Галышеваға 75 мың доллар берілді. Сондай-ақ спортшының жеке, бірінші және бас бапкерлері де марапатталды.

2018 жылғы қысқы Олимпиадада ерлер арасындағы эстафетада 6-орын алған шорт-трекшілер - Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Еркебұлан Шамұхановтардың әрқайсысына, сондай-ақ шорт-тректен Қазақстан құрамасының бас бапкері Мәдіғали Қарсыбековке, спортшылардың жеке бапкерлеріне 5000 мың доллардан сыйақы берілді.

Соңғы жаңалықтар