Ақ Олимпиада өтетін қалада жер қап-қара

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - XXIII қысқы Олимпиада ойындары өтетін Пхенчхан қаласының көшелерінде жер қап-қара, қар жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Пхенчхан қаласына келгендегі біздің назарымызға ең бірінші іліккені - қаланың көз тартқан сәулеті емес, қардың жоқтығы.

Пхенчхан қаласының айналасы таулармен қоршалған екен. Алайда, Алатау сияқты басын ақ қар басқан еңсесі биік тау көрген жоқпыз. Ал мұндағы аласа таулардың басы да қап қара болып жатыр.
null

Алайда, Олимпиадаға қызмет атқарып жүрген еріктілер қар шаңғы жарыстары өтетін алаңдарда қардың жеткілікті екенін жеткізді.

Сондай-ақ, қазақстандық БАҚ өкілдері бүгін келе салысымен төрткіл дүние көз тігетін Олимпиада ойындарында арнайы хабар тарататын ең үлкен баспасөз орталығымен танысып қайтты.
null

Естеріңізге сала кетейік, бүгін XXIII қысқы Олимпиада ойындарының басталуына тура 3 күн қалды. Олимпиада ойындары ақпанның 9-25 аралығында өтеді. Аталған төрт жылдық додада Қазақстан құрамасы спорттың 9 түрінен ел намысын қорғайтын болады. Ал жалпы Олимпиадада 15 спорт түрінен 102 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Соңғы жаңалықтар