Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 332.21
EUR 391.74
RUB 5.57
CNY 50.08

«Ақ бидай» ауыл спорты ойындары: Жеңімпаз өңірлер анықталды

«Ақ бидай» ауыл спорты ойындары: Жеңімпаз өңірлер анықталды
2017 жылғы 16 қыркүйек 23:38 712

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде республикалық «Ақбидай-2017» VI ауыл спорты ойындары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Ақ бидай» ауыл спорты ойындары: Жеңімпаз өңірлер анықталды
Ақтөбеде бір аптаға созылған жарыс аяқталды. Еліміздің әр өңірінен келген 1300 спортшы апта бойы көкпар, аударыспақ, волейбол, шағын футбол секілді спорттың 14 түрінен сынға түсті. Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Ақ бидай» ауыл спорты ойындарына әр аймақтың үздіктері жиналып, күн сайын жеңімпаздар анықталды.

Жұртшылықтың аса қызығушылығын тудыратын спорттық ойындар: көкпар тартудан бірінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысының командасы, топ бәйгеде - Алматы облысының командасы, аламан бәйгеде Ақтөбе облысының командасы иеленді.

Ал жалпы командалық есепте I орынды Оңтүстік Қазақстан облысы, II орынды Ақтөбе облысы, III орынды Қызылорда облысы жеңіп алды.

Жүлдегерлерді облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев құттықтады. Жеңімпаздарға медальдар мен алғыс хаттар табысталды. Айта кетейік, республикалық «Ақбидай-2021» ауыл спорты ойындары Маңғыстау облысында өтетін болады.


«Ақ бидай» ауыл спорты ойындары: Жеңімпаз өңірлер анықталды

«Ақ бидай» ауыл спорты ойындары: Жеңімпаз өңірлер анықталды
«Ақ бидай» ауыл спорты ойындары: Жеңімпаз өңірлер анықталды

 

 

Басты сөздер: Рухани жаңғыру, Ақтөбе облысы, Туған жер, Спорт, Ауылдық аумақтарды дамыту,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер