Airbus ұшағы шұғыл Екатеринбургке қонуға мәжбүр болды

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Сургуттан Мәскеуге ұшқан Airbus жолаушылар ұшағы аяқ астынан  Екатеринбургке қонды, деп хабарлады диспетчерлік қызмет Интерфакс агенттігіне.

«Ұшақ Ханты-Мансийский аумағына келгенде экипаж ас дайындайтын орындағы апатты жағдай туралы хабарлады»,- деді ол.

Оның айтуынша, ұшақтағы пештің бұзылуынан қиындық туындаған. Алайда, өрт тұтанбаған. Зардап шеккен ешкім жоқ, жолаушылар резервтік бортқа отырғызылды.

 

Соңғы жаңалықтар