Air Astana әуе билеттері бағасын өзгеріссіз сақтап қалуға тырысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Air Astana әуе компаниясының президенті Питер Фостер әуежайлардың жоғары тарифтері туралы әріптестерінің шағымына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әрине, әуе компаниясы қолданатын қандай да бір қызметтерге тарифтің көтерілуі әуе тасымалдары тарифтерінің де қымбаттауына әкеледі. Бірақ, біз өз тарабымыздан болып жатқан өзгерістерге қарамастан, тариф деңгейін сақтап қалуға тырысамыз», - деді П.Фостер ҚР Үкіметінің отырысы барысында.

Әуежай тарифтеріне келер болсақ, елдегі ірі әуе компанияларының бірінің басшысы халықаралық тәжірибені мысал ретінде келтірді. Ол әуежайлардың табиғи монополия екенін атап өтті және әуе компаниялары экономикалық жағдайларға қатысты тарифті көтеру қажеттігімен келіседі. Алайда, тарифтердің өзгеруі барлық процесс қатысушыларымен талқылаудан кейін ғана жүзеге асуы керек.

Бұған дейін қазақстандық әуе компаниялары әуежайлардың жоғары тарифтеріне шағымданған еді.  

Соңғы жаңалықтар