Аида Балаева: «Рухани жаңғырудың» барлық жобалары қазақстандық ұлтты ұйыстыруға бағытталған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бірінші кезеңі заманауи мәдениеттің үздік үлгілеріне арналады. Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева мемлекеттік бағдарламаның Париждегі таныстырылымында мәлім етті.

Аида Балаева «Жаһандық әлемдегі Қазақстанның заманауи мәдениеті» жобасына кеңірек тоқталды.

«Екінші кезең - заманауи қазақстандық мәдениеттің үздік шығармаларын халықаралық деңгейде таныстыру», - деп атап өтті Балаева.

Жоба аясында цифрлық кітапханалар мен виртуалды арт-галереялар құрылып, қазақстандық киноны дамыту үшін әлемдік киностудиялармен ынтымақтастық орнатылады.

«Рухани жаңғырудың» барлық бағдарламалары қазақстандық ұлтты ұйыстырып, оның ашықтығын арттыруды көздейді. ЮНЕСКО-ның ұраны - ерлер мен әйелдердің санасына бейбітшілік идеясын сіңіру. Қазақстандық жаңғырту бағдарламасы да санаға бейбітшілік мәдениеті мен тұрақты дамуды енгізуге бағытталған», - деп атап өтті Аида Балаева.

Соңғы жаңалықтар