AIBA боксшылардың ұпайын есептеудің жаңа ережесін бекітті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (AIBA) ағымдағы жылы өтетін барлық жарыстарда боксшылардың ұпайларын жаңа ереже бойынша есептейтін болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі AIBA-ның ресми баспасөз xабарламасына сілтеме жасап.

Аталған xабарламаға сәйкес, жаңа жүйе Ресейдің Санкт-Петербор қаласындағы жастар чемпионатында сынақтан өтті. Нәтижесі де жаман емес. Енді ұпай санына жауап беретін судьялар комиссиясының жұмысын жалғыз комиссия төрағасы ғана атқаратын болады. Ол ұпайды санайтын электронды бағдарламаны тексеріп отырады. Рингтің жанындағы судьялар болса, шаршы алаңның төрт бұрышында отырады. Ал әрбір раундтың қорытындысы жекпе-жектің соңында ғана жарияланады.

Айта кетейік, биылғы Рио Олимпиадасы кезінде бірқатар бокс жекпе-жектері бойынша жасалған төрешелікке қатысты наразылықтар болды. Мәселен, қазақстандық Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенко арасындағы жекпе-жектің қорытындысымен қазақстандықтар ғана емес, залда болған көптеген жанкүйерлер де келіскен жоқ. Артынан xалықаралық сарапшылар да судьялардың жұмысын сынға алды. Осыдан кейін AIBA барлық арбитрлерді жұмыстан шеттетіп, ұпай санын есептеу жүйесін өзгертуге шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар