АХҚО комитеті Исламдық қаржы қызметтері жөніндегі кеңеске мүше болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) Исламдық қаржы қызметтері жөніндегі кеңестің (IFSB) толыққанды мүшесі атанды.

Бұл туалы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) баспасөз қызметі хабарайды.

IFSB-ға мүше болу АХҚО-ның Еуразиядағы исламдық қаржыландыруға арналған орталығы атануды көздейтін мақсаттарының бірін нығайта түседі. AFSA-ның толыққанды мүшесі атануы Сауд Арабиясының Капитал нарығы басқармасымен бірлесіп мақұлданды. Әр егеменді елдегі қаржы секторын қадағалайтын орган кеңестің толыққанды мүшесі мәртебесін иелене алады. 

IFSB-дағы мүшелік AFSA-ның Еуразияда исламдық қаржы индустриясын дамытуда жетекші рөл атқаратындығын білдіреді және исламдық қаржы қызметтері индустриясының өкілдері, либералды мүдделі тұлғалары бар беделді халықаралық ислам ұйымының бір бөлігі атануға мүмкіндік береді.

Толыққанды мүшелік мәртебесі AFSA-ға жаһандық исламдық оқиғаларға қатысуға, техникалық көмек алуға, пруденциальдық стандарттарды әзірлеуге қатысуға және мәртебелі мүше ретінде семинарлар мен конференцияларға баруға мүмкіндік береді. AFSA исламдық қаржыны қоса қаржылық қызметтердің сан алуан түрлері бойынша халықаралық стандарттарды қолдануда. 

Сондай-ақ AFSA жуық арада Исламдық қаржы институттарының бухгалтерлік есебі және аудиті ұйымының (AAOIFI) мүшесі атанғандығын атап өткен маңызды.

AFSA-ның  IFSB мен AAOIFI-ға мүшелікке өтуі оған әділ және ашық исламдық қаржы нарықтары мен капитал нарықтарын білдіретін және жеке тұлғалар мен мекемелер адал жұмыс істейтін әрі сенімге ие болатын орта құруға мүмкіндік береді. 

AFSA-ның  IFSB мен AAOIFI-ға мүшелікке өтуі сондай-ақ Қазақстан мен Еуразиядағы исламдық қаржы қызметтері индустриясын дамытуға ықпал ететін болады, бұл Қазақстан экономикасына оң ықпалын тигізеді.

Қазіргі таңда IFSB құрамында 185 мүше бар, олардың 75-і - 57 юрисдикцияда жұмыс істейтін банк секторының, капитал нарықтарының және исламдық қаржы секторының (такафул исламдық сақтандыру) қадағалаушы және реттеуші органдары, сондай-ақ 8 - халықаралық үкіметаралық ұйым және 102 - нарық қатысушылары (қаржы институттары, кәсіби компаниялар, салалық қауымдастықтар және қор биржалары).   

Соңғы жаңалықтар