АХҚО қаржылық соты судьялары қызметіне кандидаттарды қарастыру процесі басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Лондонда «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) жанынан құрылған Құқықтық консультативтік Кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды аталған орталықтың баспасөз қызметі.

Жиынға АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов пен Ұлыбританияның осы Құқықтық консультативтік Кеңестің құрамына кіретін белді заң компаниялары өкілдері қатысты.

Жиында АХҚО-ның бірқатар акт жобалары қарастырылып, қабылданды.

Сонымен қатар Лондонда АХҚО Басқарушысының қатысуымен ағылшын жалпы заңы аясында жұмыс істейтін АХҚО қаржылық соты судьялары қызметіне кандидаттарды қарастыру процесі басталды.

 

Соңғы жаңалықтар