АХҚО Қаржылық қызметтер көрсету комитеті Директорлар кенесінің төрағасы тағайындады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес Леди Барбара Джаджты АХҚО-ның Қаржылық қызметтер реттеу жөніндегі комитетінің (Astana International Financial Authority, AFSA) Директорлар кенесінің басшысы етіп тағайындады.

Бұл туралы «Астана» халықаралық қаржы орталығының баспасөз қызметі хабарлайды.

Леди Джадж британдық және американдық азаматтығы бар коммерциялық аға басшы, төрайым және атқарушы емес директор ретінде жеке және мемлекеттік секторларда, сондай-ақ, энергетика, инфрақұрылым, өндіріс, бөлшек сауда және қаржылық қызметтер көрсету секторларында зор әрі табысты халықаралық беделге ие. Леди Джадж корпоративтік басқару саласында танымал сарапшы болып табылады және осыған орай Ұлыбританияның Директорлар институтының Төрайымы болып сайланған.

Ол, сондай-ақ, алаяқтық пен қаржылық қылмыстардың алдын алуға маманданған Cifas Ұлыбританияның мүшелік ұйымының Төрайымы болып табылады. Бұған дейін Леди Джадж АҚШ-тың Бағалы қағаздар мен биржа комиссиясының Комиссары (министрі) және Ұлыбританияның Қаржылық есептілік кеңесінің (корпоративтік басқарудың британдық реттеушісі) төрайымы қызметтерін атқарған.      

«Бұл лауазымға тағайындалуым мен үшін үлкен абырой. Мен AFSA-ның Директорлар кеңесінің тиімділігін және халықаралық стандарттарға сай келуін қамтамасыз етуге және де АХҚО-ның дамуына өз үлесімді қосуға тырысатын боламын», -  деп Леди Джадж өзінің тағайындалуы туралы жылы лебізін білдірді.

АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов Леди Джаджтың басшылығымен және Директорлар кеңесінің басқа мүшелерінің қолдауымен AFSA айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізеді және әлемдік деңгейдегі қаржы реттеушісі болатынына сенім білдірді. 

Соңғы жаңалықтар