Ағымдағы жылы баспананың бағасы көп өзгермейді - сарапшы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрылыс салушылары қауымдастығының сарапшысы Дәурен Айткеновтың ойынша, ағымдағы жылы Астана қаласында тұрғын үйдің бағасы түбегейлі өзгермейді. Ал баспанаға деген сұраныс ұлғая түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгінде елордада тұрғын үйге деген сұраныс жыл сайын өсіп келеді. 2014 жылдан бастап олсұраныстың көрсеткіші 20 пайызға артып отыр. Алдағы уақытта адам санының өсуімен баспанаға деген сұраныс та арта түседі. Оған «Нұрлы жер» бағдарламасы да өз ықпалын тигізеді», - дейді Айткенов.

Оның айтуынша, қолжетімді ипотекаға деген сұраныс жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның көтерілуіне себеп болады. Соңғы жылдары ондай үрдіс анық байқалып отыр. 12 жылдың ішінде тұрғын үйдің бағасы үш есеге өскен.

«Ал бағаны негізсіз көтеру әрекеттері девальвация кезінде, я болмаса, нарықтағы делдалдар тым көбейгенде болады. Мәселен, 2015 жылы желтоқсан айында екінші рет сатылатын баспананың бір шаршы метрі 468 мың теңгеге, 2016 жылы қаңтар айында жаңа үйлердің бағасы бір шаршы метрі үшін 362 мың теңгеге жеткен. Осылайша, бағаның негізсіз көтерілуіне девальвация мен доллар бағамының 360 теңгеге дейін көтерілуі әсер етті. Көп ұзамай, баға өз деңгейіне түсті. Меніңше, ағымдағы жылда тұрғын үйдің бағасы тұрақты болады», - дейді сарапшы.

Соңғы жаңалықтар