Ағылшын тілін білмейтін оқытушыларға ешкім қысым көрсеткен жоқ - ректор Жақыпова

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыпова шет тілін білмегені үшін оқытушыларды жұмыстан шығару туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Академия басшысының айтуынша, магистранттар мен докторанттар үшін ондай талап қойылады. Оқуға түсу үшін олар шет тілін білуі тиіс. Магистратураға, я болмаса, докторантураға түсемін дейтіндер ұлттық тестілеу орталығында сынақ тапсырады.

«Ал академия қызметкерлері, соның ішінде профессорлар мен оқытушылар үшін ағылшын тілін білу шарты рекомендация ретінде көрсетілген. Сондықтан академияда, я, бәлкім басқа жерде, ұстаздарды шет тілін білмегені үшін жұмыстан шығару туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Себебі мамандарды жұмысқа қабылдау шаралары білім және ғылым министрінің 230-шы бұйырығы бойынша жүргізілді. Оған сәйкес, xабарландыру да, құжат қабылдау да ашық өтті. Сосын конкурстық комиссия болды. Оның құрамына Президент Әкімшілігі, қаржы министрлігінің жауапты xатшысы, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың мүшелері енді. Демек, біз жұмысқа қабылдауды да, жұмыстан шығаруды да ашық жүргізіп келеміз», - деді Ф.Жақыпова Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, брифинг барысында ректор сыбайлас жемқорлық мәселесіне де тоқталды. Оның сөзіне қарағанда, мемқызметшілердің ар-ұятын әлі де ұштау қажет. 

Бұдан бөлек, екі-үш жылда мемлекеттік аппарат жұмысының түбегейлі өзгеретінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар