Ағылшын премьер-лигасының ең үздік футболшысы анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Англия кәсіби футболшылар қауымдастығы (PFA) мәресіне таяп келе жатқан маусымның ең үздік футболшысын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл атаққа «Челси» футбол клубының жартылай қорғаушысы Н'Голо Канте қол жеткізді. Ол бұл сыйлыққа ие болған үшінші француз футболшысы. Осыған дейін мұндай атаққа отандастары Патрик Виейра (2001) мен Тьерри Анри (2004, 2006) ие болған.

Үздік футболшыны команданың жетекшілері мен кәсіи ойыншылар дауыс беру арқылы таңдаған.

Естеріңізге сала кетейік, «PFA» таңдауы бойынша маусымның үздік футболшысы марапаты 1974 жылдан бастап беріліп келеді.

Соңғы жаңалықтар