Аграрлық университтердің түлектері міндетті түрде ауылда жұмыс істейді - алқа мәжілісі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Енді ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім алғандар міндетті түрде ауылдағы жұмыстарға бағытталуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқарат.

«Ауылдық квотаның мемлекеттік тапсырысы аясында ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқитындардың үлесін 30-дан 70 пайызға дейін ұлғайту қажет», - деп тоқталды Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев.

Осы орайда ол қазіргі кездегі қалалық жастар аграрлық мамандықтар бойынша білім алса да, кейіннен шаһарда жұмыс істеуге қалуға барынша тырысатынын атап өтті.

«Ауылға барғылары келмейді. Енді бұл жағдайды өзгерту керек. Ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша 70 пайыз гранттарды аграрлық ЖОО-ларда орналастыру ұсынылады», - деді бірінші вице-министр.

Бұдан бөлек ол арнайы орта білім бойынша әкімдіктердің мемтапсырыстарын қайта қарастыруды ұсынды.

«Бұл бағытта да үйлеспеушілік байқалуда. Ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша грантпен білім алған түлектердің ауылдық жерде үш жылдық міндетті жұмысын өтеуін енгізу жоспарланған», - деді Арман Евниев.

Соңғы жаңалықтар