Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 330.29
EUR 387.27
RUB 5.56
CNY 49.80

ҚАЗАҚПАРАТ - Халықаралық дәрежеге ие болған Қазақстандағы алғашқы ақпараттық агенттік.

Медиа-агенттік 95 жылдан астам уақыт бойы саясат, экономика, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және қоғамның өзге де тыныс тіршілігі туралы жедел әрі сенімді ақпарат таратып келеді. 
ҚазАқпарат арқылы Президент Әкімшілігі, Парламент, Үкімет, өңірлік билік органдары, ұлттық қаржылық және өндірістік құрылымдардың қызметі жөнінде ресми хабар таратылады.
Агенттік қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде хабар таратады. Кириллицаны оқи алмайтын шетелде тұратын қандастарымыз үшін қазақша жаңалықтар латын графикасы мен арабша төте жазуға аударылады.

Агенттіктің орталық кеңсесі Қазақстанның елордасы Астана қаласында орналасқан. Елдің қаржылық және мәдени орталығы Алматыда оның филиалы - тілшілер бюросы бар.
ҚазАқпаратта өзге отандық ақпараттық агенттіктерде жоқ тілшілер желісі бар. Елдің барлық аймақтарында 15 тілшілер пункті орналасқан. Оның ішіне Байқоңыр да кіреді. Ресей, Қытай, Түркия, БАӘ, Бельгия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінде меншікті тілшілері бар. Бұл елімізде және әлемде болып жатқан жаңалықтарды on-line режимде жедел әрі шынайы таратуға мүмкіндік береді.

Бүгінде қазақстандық жаңалық тарататын интернет-ресурстар арасында ҚазАқпарат Үздік ондықтың қатарында. www.inform.kz порталын пайдаланушылардың географиясы 229 елді қамтиды. Порталдың тәулік ішіндегі оқылым саны орта есеппен 45 000-ды құрайды. Бүгінгі таңда ҚазАқпарат әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жүргізеді. Facebook, Мой мир, ВКонтакте, Twitter, Одноклассники, Google+, SenKazakh, Instagram, Linkedin, Imgur, MySpace, Yvision, Казах.ru. әлеуметтік желілеріндегі арналар мен парақшаларына жазылушылардың жиынтық саны 80 000 адамнан асып түседі.
Журналистика саласының үздік дәстүрінің сақталуы, сапалы контент өндіру, технологиялық базаны жақсарту және кәсіби топтың реттелген жұмысы агенттік қызметінің жоғары нәтижелеріне қол жеткізуіне сеп болды. ҚазАқпарат ұжымы - бұл белгілі теле- және радиожурналистер, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаттары, халықаралық және аймақтық конкурстардың жеңімпаздары, құрмет атақтары мен сыйлықтарының иегерлері.
2015 жылдың желтоқсан айында Агенттік ISO 9001:2008 стандарты талаптары бойынша сапа менеджменті жүйесінен сертификаттаудан өтті. 

Серіктестер

ҚазАқпарат - OAНA Халықаралық ақпараттық агенттіктер қауымдастығының (Тынық мұхиты және Азия елдері ақпараттық агенттіктерінің ұйымы), ТМД елдеріндегі ұлттық ақпараттық агенттіктердің қауымдастығының (ҰААҚ), Түркі тілдес елдердегі ақпараттық агенттіктер ұйымының (ТКА), ТҮРКІСОЙ халықаралық ұйымының, орыс баспасөзінің бүкіләлемдік қауымдастығының мүшесі.
Медиа-агенттіктің серіктестері - ИТАР-ТАСС, КАБАР, БелТА, УкрИнформ, «НОВОСТИ - МОЛДОВА» ақпараттық агенттігі, MOLDPRES, Armenpress, АzәrTAc, Yonhap, EFE, БТА және т.б.

Тарих беттері

1920 жыл - Алғашқы қазақстандық ақпараттық агенттіктің «РОСТА»-ның Орынбор-Торғай бөлімшесі негізінде құрылды.

1925 жыл - Агенттік атауының ҚазРОСТ болып өзгерді.

1937 жыл - ҚазТАГ деген атпен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қарауына берілді.

1997 жыл - «Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазААГ)» республикалық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.

2002 жыл - ҚазААГ негізінде «Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық компаниясы («ҚазАқпарат» ҰК) құрылды.

2008 жыл - «ҚазАқпарат» ҰК» АҚ «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» акционерлік қоғамының құрамына кірді.

2013 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі болып құрылды.


Біздің басшыларымыз болғандар:

ВЯТИЧ-КИРИЛЛОВ Аркадий Иванович - ҚазТАГ-тың алғашқы басшыларының бірі.

ШӘРІПОВ Қасым - жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері.

ҚАЗЫБАЕВ Кәкімжан - жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері.

ЫСМАҒҰЛОВ Жұмағали - профессор, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі.

АХМЕТӘЛІМОВ Амангелді - еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, қоғам қайраткері.

ӘРЕНОВ Мұрат - Парламенттің ақпараттық-сараптамалық орталығын құру идеясының авторы.

ШАЛАХМЕТОВ Ғаділбек - «Мир» мемлекетаралық телерадиокомпаниясының негізін қалаушы, халықаралық журналистика академигі.

ОМАРОВ Жанай Сейітжанұлы - мемлекет және қоғам қайраткері.

 

1) Ақпарат агенттігінің атауы: «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 

2) Ақпарат агенттігінің немесе желілік басылымның меншік иесінің атауы: «Қазақстан»  Республикалық Телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы

3) Есепке алу туралы куәліктің нөмірі мен датасы және куәлікті берген органның атауы: № 14064-ИА, 27.12.2013 жыл, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағат комитеті

4) редакцияның байланыс мәліметтері (пошталық мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық пошта адресі): Астана, Орынбор көшесі, 4 үй, тел.: +7(7172) 95-40-50, email: info@inform.kz