Ағасы інісінің оқу ақысын төлеу үшін жұмыстан ақша ұрлаған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстанның Навои қаласында ағалы-інілі екеу сауда орталығынан ақша ұрлады. Бірақ, көп ұзамай, қолға түсті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Darakchi.uz сайтына сілтеме жасап. 

Бұл оқиға жайында Өзбекстанның ішкі істер министрлігінің "Постда" газеті де жазды. Алайда екі жігіттің атын өзгертті. Навои қаласының тұрғыны Сабир Мурадов астананың беделді оқу орындарының біріне түскен еді. Оның қуанышын тежеген бір-ақ нәрсе - ақылы бөліміне түскені. Осыны ата-анасына қалай айтатынын білмеген. Себебі олардың оқуға ақша таба алмайтынын түсінді.

Сабир алдымен үлкен ағасы - Джабирмен ақылдасуды жөн көрді. Екеуі кездескенде ағасы өзі жұмыс істейін сауда орталығын тонауды ұсынды. Жоспар бойынша Сабир үлкен ағасының көмегімен артқы есіктен кіріп, қойманың ішіне тығылады. Жұмыс күні аяқталғасын барлық бейнебақылауды ағытады да, сақтау камерасында жатқан ақшаны алады. Сосын таңертең ақырын қоймадан шығып кетеді. Сабир бәрі ағасы айтқандай жасап шықты. Сөмкесіне 4 млн сумды (170 мың теңге) салып, шығып кетеді. Алайда екеуі де бірнеше күннен кейін қолға түседі.

Соңғы жаңалықтар