Ағаш түбінде ұмыт қалдырған 22 алтын құйманы иесіне қайтарып берген

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Берлиндегі Нейкельн ауданында белгісіз біреу  ағаш түбінде ұмыт қалдырған 22 алтын құймасын және үш жарым мың еуроны  қала тұрғынына қайтарып берді.

Полицияның хабарлауынша, бағалы  заттардың иесі өз велосипедінің ақауын жөндемек болған кезде ақша және алтын салынған түйіншекті жерге қойып, артынан ұмытып кеткен.

Арада біршама уақыттан соң тап сол жерден өтіп бара жатқан жолаушы оны ашып қарағанда...  қатты таңданады. Әзірге есімі аталмай отырған азамат құнды заттарды полицияға тапсырған.

Түйіншекте жеке мүліктері болғадықтан оның иесін табу көп қиындық келтіре қойған жоқ.

Енді әлгі жан адалдығы үшін марапатталатын болады.

Неміс заңнамасына сәйкес, жоғалған заттарды тапқан адамдар сол тапқандарының құнының үш-бес пайызын алуға құқылы.

Ал мына жағдайда сыйақының мөлшері екі мың еуроға жетуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар