Африканың ең үздік шабуылшысына алюминийден жасалған «Алтын бутсы» берілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кот-д'Ивуар Футбол федерациясы басшыларынан шабуылшы Аристид Бансе мұндай сыйлық күтпеген еді.

Чемпионат аяқталған соң оған  ең көп гол салған (26 ойында 13 доп) футболшы ретінде «Алтын бутсы»  сыйлығы тапсырылды.

 «Мен Кот-д'Ивуар Футбол федерациясы басшыларынан  мұндай марапатты күткен жоқ едім»,- деп жазды әлеуметтік желіге ол.

Алюминий мүсіншенің бағасы - 37 еуро.

«Әрине, мен сыйлықтың таза алтыннан болуына мәжбүрлей алмаймын ғой. Бірақ басқа емес,  алюминийден болғандығына қарным ашады»,-  деп жазды Буркина-Фасо футболшысы Фейсбукте.

Бансе - Африка ұлттық кубогының екі мәрте жүлдегері (2012 -2017 жылдары күміс пен қола).

 

Соңғы жаңалықтар