Африканың 43 мемлекеті Қазақстанның даму моделін үйренуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Африка құрлығының мемлекеттік қызметкерлері Қазақстанның кәсіпорындары мен зауыттарын аралады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі БҰҰ Даму бағдарламасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада Қазақстан мен Африка құрлығындағы мемлекеттердің өзара тәжірибе алмасуы бойынша симпозиум өтіп жатыр. Шара аясында африкалық 43 мемлекеттің өкілдері Қазақстанға келіп, экономикалық өркендеу мен дамудың қазақстандық моделін зерттеп жатыр.
null

Симпозиум барысында қатысушылар Шығыс Еуропа мен посткеңестік елдердің дамуына, сондай-ақ экономикалық диверсификациялар мен құрылымдық транформация мәселелеріне ерекше маңыз берген. Сонымен қатар бағдарлама шеңберінде Африка елдерінің мемлекеттік қызметкерлері Қазақстанның негізгі инновациялық-индустриялық кәсіпорындарын аралауға мүмкіндік алған. Атап айтқанда, меймандар «Тұлпар - Тальго» жолаушылар вагондарын шығаратын зауыттың, күн панельдерін өндіретін «Астана Солар» компаниясының, LED шамдар шығаратын «Астана Лед» компаниясының жұмысымен танысты.

Африкалық қонақтар индустриялық кәсіпорындардың өнімділігіне таңданысын жасырмады. Ең бастысы, аталған кәсіорындарда шикізаттың 70 пайызы жергілікті өнім екені оларды тіпті қызықтыра түскен. Африкадан келген мемлекеттік қызметкерлер көптеген сұрақтарын қойып, қазақстандық өнімді экспорттауға қатысты сауалдарына жауап алды.

«Маған вагон өндіретін зауыттың жұмысы өте ұнады. Ең қызығы, дәл сол зауытта ерлермен тізе қосып, нәзік жандылардың да еңбек етіп жүргені қызықтыра түсті. Әйелдер әкімшілік салада ғана емес, өндірістік салада да көп екен», - дейді Ботсвана мемлекетінің Инновациялар мен даму министрлігінің өкілі Розина Бонци.

Соңғы жаңалықтар