Африкалық нокаутқа түсіргіш алдағы Джейкобспен айқаста Головкиннің басым түсетіндігіне сенімді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гана боксшысы Сена Агбеко (15-1, 15 КО) Дэниэл Джейкобстың (32-1, 29 КО) алда болатын Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) айқасындағы мүмкіндігі жайлы пікірін білдірді,  деп жазады Tru School Sports.

- Джейкобс өте күшті боксшы, оның нокауттарға түсірген сәттері де баршылық. Жұрттың көбі оған сенбейді, бірақ оның мүмкіндігі бар. Ол өзі айтқандай, әлемді таңқалдыруы  да ғажап емес.  

Бірақ шынын айтқанда, ол Головкинді сұлатып салса, таңданған болар едім - GGG иегі өте мықты. Егер жеңімпаз жайлы әңгіме болса, мен бірден Головкинді атар едім. Ол Джейкобстан күшті әрі қауіпті, -деді Агбеко.

 Головкин - Джейкобс айқасы 18 наурызда    Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында болады. 

Соңғы жаңалықтар