АЭФ-та қала құрылысы мегажобаларындағы технологиялар туралы айтылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана экономикалық форумы (АЭФ) ұжымдық сананы біріктіріп, жаһандық сын-тегеуріндерге қарсы тұруға мүмкіндік береді. Бұл туралы АЭФ қонақтарының бірі - британиялық «Атомик аркитекче» компаниясының негізін қалаушы, сәулетші Майк Оудс айтты.

«Хабар 24» телеарнасының Ұлыбританиядағы меншікті тілшісімен әңгімелескен Оудс форумда жасайтын баяндамасы жайында айтып берді.

Сәулетші «Жаңа инженерлік революция. Қала құрылысы мегажобаларындағы технологиялар» тақырыбында сөз сөйлейді.

Айта кету керек, Астанадағы «Бейбітшілік және келісім сарайы» - Оудстың тұжырымдамалық жобаларының бірі. Майк Оудс оны британиялық сәулетші Норман Фостердің компаниясында жұмыс істеген жылдары жасаған.

Бұдан бөлек жақында Оудс EXPO-2017 аясында «жасыл квартал» жобасын басқарып, жеңіске жеткені белгілі.

«Астана экономикалық форумына шақыру алғаныма өте  қуаныштымын. Менің ойымша, біз, сәулетшілер урбандизайнерлер ретінде экономиканың бір нақты бөлігіне өте жиі қатыстырылып отырамыз. Және менің пайымдауымша, ұжымдық сана ретінде экономистер, географтар және технологияның көмегімен қоршаған ортаны жасай алатын адамдар экономиканың дамуына шынайы үлес қоса алады. Бұл форум ұжымдық сананы біріктіріп, жаһандық сын-тегеуріндерге қарсы тұруға мүмкіндік береді деген ойдамын», - деді сәулетші Майк Оудс.

Соңғы жаңалықтар