АЭФ-та азаматтық қоғам институттарының рөлі талқыланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Global Challenges Summit-2018 форумы аясында «Азаматтық қоғамның болашағы. Жаңа азаматтық белсенділік» тақырыбында сессия өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қатысушылар алдында сөз сөйлеген ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Қазақстандағы азаматтық қоғамның  дамуы жөнінде бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды. 

«Қазақстан әлемдік трендтермен бір бағытта даму үстінде. Мемлекет басшысы ғаламдық дамудың басты бес мегатрендін атап өтті. Олардың қатарында адам қызметінің барлық салаларын цифрландыру, энергетикалық революция, жер шарындағы тұрғындар санының жылдам өсуі, урбанизация қарқыны мен сипатының және  жаһандық еңбек нарығының өзгеруі бар. Бұл ретте, Астана экономикалық форум аясында біз азаматтық қоғамның келешегіне көз салуды жөн санадық. Жаңа азаматтық позитивтік белсенділік халық пен мемлекет өміріне қалай ықпал ететінін талқылау үшін беделді сарапшыларды шақырдық», - деді Дархан Кәлетаев.

Сонымен қатар, Д. Кәлетаев тұрғындардың ой-санасына әлеуметтік желілердің тигізетін әсері туралы, оның ішінде азаматтық қоғамның дәстүрлі институттары халықтың пікірін білдіру үшін жаңа желілік институтармен бәсекеге түсетініне тоқталды. Оның айтуынша, әлеуметтік желілер мен интернет біз үшін азаматтық белсенділіктің виртуалды түрін ашты, виртуалды белсенділік арқылы әрбір адам мемлекеттік бастамаларды, қоғамдық мәселелерді талқылауға қатыса алады және оларды шешу үшін сындарлы ұсыныстарын  жасайды.

Министр азаматтық қоғам жаңа трансформацияның қозғаушы күші болуы қажет екендігін атап өтті. Бұл үшін білім алуды, жаңа дағдылар мен білікті дамытуға, қарым-қатынас мәдениетін және коммуникацияны жетілдіру қажет.

Шара барысында үкіметтік емес ұйымдардың, әлеуметтік кәсіпкерліктің және азаматтық белсенділіктің заманауи даму трендтері туралы танымал сарапшылар сөз сөйледі.

Соңғы жаңалықтар