Адвокаттардың тәртіптік комиссиясында қоғамдық ұйым өкілдері болуы тиіс - Нығматулин

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасы талқылау барысында адвокаттардың тәртіптік комиссиясына қатысты мәселеге айрықша назар аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәжілістің жалпы отырысында қаралған заң жобасында тәртіптік комиссияның құрамына алты адвокат, уәкілетті органның үш өкілі және отставкадағы судья кіреді делінген.

Алайда Нұрлан Нығматулин мәселенің өзектілігін айта келе, адвокаттық тәртіптік комиссияда министрлік өкілдерінің болғаны міндетті емес екенін жеткізді. Осы орайда ол шенеуніктердің орнында қоғамдық ұйым өкілдері қамтылуы керектігінін қадап айтты.

Бұл тұрғыда Мәжіліс төрағасы осы мәселені екінші оқылымда ескеру қажеттігін ұсынды.

Айта кетейік, жалпы отырысы барысында Әділет министрі Марат Бекетаев Қазақстанда адвокаттармен көрсетілетін кәсіби қызметтердің сапасын тиімді бақылау жоқ екенін айқан болатын.

«Әр адвокаттың қашан және не үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны туралы ашық ақпарат жоқ. Адвокаттардың кәсіби әдеп нормаларын сақтауын, тәртіптік істердің объективті және жан-жақты қаралуын қамтамасыз ету мақсатында екі деңгейлі тәртіптік комиссияны құру қарастырылған», - деп түсіндірді М. Бекетаев.

Талқылаудан кейін палата депутаттары заң жобасындағы жаңашылдықтарға қолдау білдіріп, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Соңғы жаңалықтар