Адвокаттар алқасына 800 мың теңге төлеп кіру тәртібі алынып тасталмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры Бақтыгүл Атағазиева адвокаттар алқасына ену үшін төленетін 800 теңгелік алғашқы жарнаны алып тастаудың артықшылықтары туралы айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қазіргі қолданыстағы заң бойынша адвокат болғысы келген жоғары білімді заңгер міндетті түрде адвокаттар алқасына ену үшін 800 мың теңге төлеуі тиіс. Демек, бұл жарнаны төлемесе ол адвокаттық қызметті атқара алмайды. Ал жаңадан әзірленіп жатқан «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасы бұл жарнаны алып тастауды көздеп отыр.

«Адвокат болғысы келген адам жоғары заң білімімен 6 айдан 1 жылға дейін тағылымдамадан өтуі керек. Оның құны 140-280 мың теңгеге дейін барады. Одан кейін өзінің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру үшін ол аттетациядан өтуі тиіс. Осыдан кейін ол Әділет министрлігінің лицензиясын алып, адвокаттар алқасына мүшелікке енуі керек. Бұл міндеттті талап. Мүшелікке кірмей ол ҚазақстанРеспубликасының аумағында адвокаттық қызмет атқара алмайды. Ал мүшелікке кіру үшін 800 мың теңгеге дейін жарна төлеуі керек. Бұл біздіңше, нақты осы салаға енудің бір кедергісі. Сондықтан, оны алып тастауды ұсынып отырмыз», - дейді Бақтыгүл Атағазиева.

Департамент директорының айтуынша, нотариустардан алғашқы жарна 2011 жылы алынып тасталған. Заң кеңесшілерінде де алғашқы жарна жоқ.

«Бұл қадам адвокаттардың санын арттырып, олардың арасындағы өзара бәсекелестікті күшейте түседі. Олардың кәсібилік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», - дейді департамент директоры.    

Соңғы жаңалықтар