17:11, 29 Желтоқсан 2017 | GMT +6
Әділет министрлігіне жаңа вице-министр тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы қаулысымен Қазақстан Республикасының әділет вице-министрі болып Наталья Пан тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің сайтына сілтеме жасап.
Айта кетерлігі, 2016 жылдың 8 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытта дейін Наталья Виссарионовна Пан ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқықтары департаментінің директоры болып жұмыс жасады.