Әділбек Жақсыбеков жеңіл атлетика федерациясын басқарады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков еліміздің жеңіл атлетика федерациясының президенті болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Астанада өткен Қазақстан Жеңіл атлетика федерациясының есеп беру-сайлау конференциясы барысында белгілі болды.

Конференция жұмысына Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, сондай-ақ федерация президиумының мүшелері, аймақтық филиалдар жетекшілері, құрама жаттықтырушылары, Ұлттық Олимпиялық комитет өкілдері қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, Әділбек Рыскелдіұлы 2007 жылғы тамыздан 2014 жылғы желтоқсанға дейін Қазақстан Футбол федерациясын басқарды. Ол сондай-ақ, Қазақстан Ұлттық Олимпиялық комитетінің жазғы спорт түрлері бойынша вице-президенті.

Соңғы жаңалықтар