Әділбек Жақсыбеков «Рухани жаңғыру» бағдарламасын әлеуметтік желі арқылы ілгерілетуді тапсырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков «Рухани жаңғыру» бағдарламасын әлеуметтік желілер арқылы белсенді ілгерілетуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысында Әділбек Жақсыбеков бағдарламаның барлық бағыттары бойынша нақты жоспарлардың әзірленгендігін баса айтты. Оның атап өтуінше, енді ақпараттық түсіндіру жұмыстарына назар аудару қажет.

«Әлеуметтік желіде ақпаратты сүйемелдеу үшін ЖОО-лар мен ғылыми ортаның әлеуетін барынша тиімді пайдалану қажет. Әлеуметтік желілерде барынша белсенді жұмыс жүргізуіміз керек. Сапалы, қызықты кітап көп болғанымен барлық ақпараттар негізінен әлеуметтік желілерде ілгерілетіледі. Ол жақта біз қаншалықты белсенді болсақ, күткен әсер де соншалықты күшті болады», - деді ол.

«Ғылыми және шығармашылық зиялылар, ЖОО өкілдерін эксперттік және сараптамалық сүйемелдеуге кеңінен тарту маңызды», - деп қосты комиссия төрағасы.

Сонымен қатар Президент Әкімшілігінің басшысы облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне демеушілер қаржысын тартуды жалғастыруды, кейбір жерлерде бұл жұмыстарды тіпті күшейтуді тапсырды.

Әділбек Жақсыбеков Қазақстанның қасиетті жерлерінің картасына енген нысандарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесіне назар аударды.

«Іс жүзінде инфрақұрылымсыз, қажетті көлік қызметінсіз қадірі кетеді. Қаржы министрлігіне әкімдермен бірлесіп, жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз етуді, «Туған жер» бағдаралмасының бюджетін қарау барысында қаперде ұстауды өтінемін», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар