Әділбек Жақсыбеков Есеп комитетінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне жаңа басшысын ұжымға таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Президентінің Жарлығымен Наталья Николаевна Годунова Республикалық бюджеттің  атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы болып тағайындалды. 

 «Наталья Николаевна мамандығы бойынша «экономист». Түрлі басшылық лауазымдарда қызмет етті. Экономика ғылымдарының кандидаты. «Құрмет» орденімен марапатталған», - деді Әділбек Жақсыбеков.

null 

Сонымен қатар, Президенті Әкімшілігінің басшысы Есеп комитетінің жаңа төрайымын мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуде қаржылық тәртіпті арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

«Ұжымға барынша қолдау жасауды сұраймын. Осы лауазымға тағайындау Президент тарапынан жоғары сенімді білдіреді. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін», - деді Ә. Жақсыбеков.

Атап айтқанда, ел Президентімен тағайындалатын лауазым иелері ант қабылдайтыны белгілі. Осы орайда Наталья Годунова дәстүрлі түрде бұл міндетін орындады. 

null 

Бұдан бөлек, Әділбек Жақсыбеков Есеп комитетінің бұрынғы төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібековке атқарған еңбегі үшін алғысын айтты.

Соңғы жаңалықтар