Адамды сот санкциясымен ғана ұстау керек - Жақып Асанов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов Қазақстанда адамды ұстауды тек сот санкциясымен іске асыруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сот қадағалауын тағы да кеңейтуді ұсынамыз. Қазіргі кезде тергеуші кез келген адамды оның қылмысқа қатыстылығы туралы жеткілікті жорамалдың негізінде ұстауға құқылы. Ал жеткілікті деген не? Бұл ретте біреудің дәлелсіз берген түсінігі болуы мүмкін», - дейді Бас прокурор «Қазақстандағы сот билігінің тәуелсіздігі және сот әкімшілігі мәселелері» атты халықаралық конференцияда.

Ж. Асанов осыған байланысты қамауға алуды тек соттың санкциясымен іске асыруды ұсынды.

«Сондықтан тергеу органдарына өзінің бастамасымен адамдарды ұстау құқығын жекелеген жағдайларда да ғана рұқсат етуді ұсынамыз. Яғни қылмыс үстінде ұстағанда, қылмыс болған жерде нақты іздер қалғанда, жасырынған кезде, сондай-ақ күдікті басқа да қылмыстарды жасауы мүмкін деген нақты мәліметтер болған кездерде тергеушілерге осындай құқық беруге болады. Ал қалған жағдайларда құқық қорғау органдары, прокурорлар сотқа барып, адамды ұстауға санкция алуы тиіс. Германия мен Грузиядағы секілді судья санкциясымен ұстау шарасы адам құқығын қорғаумен қатар, тергеушілер мен прокурорлардың жауапкершілігін арттырады», - деді Бас прокурор.

Соңғы жаңалықтар