Адамдар неге артық салмақпен күреса алмайды - психолог жауабы

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдық психолог Дмитрий Агапов «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне кейбір адамдардың қанша күш салса да, не үшін артық семіздіктен құтыла алмайтындығын айтып берді.

Оның айтуынша, арықтау үшін тамақтану әдеттерін өзгерту және физикалық белсенділікті арттыру сияқты факторлар маңызды рөл атқарады.

Психолог көптеген адамдардың салмақ тастауы үшін диетологтар мен жаттықтырушылардың кеңестері жетіп жатыр. Ал, басқа санатқа - дұрыс тамақтанып, дене шынықтырумен айналысса да, арықтай алмайтындар кіреді. Мұндай жағдайда психологиялық көмек қажет.

«Көп жағдайда адамдардың салмақ қосуына бала кезде тамақ ішуге қойылған шектеу себеп болады.  Мен бір әйелмен жұмыс істедім, ол жасөспірім кезеңінде гормониялық өзгерістерге байланысты көп салмақ қосқан. Оған диета ұсынып, анасы оның рационын қатаң қадағалап отырған. Әйел  осы үшін анасына ренжіп, оған білдіртпей тамақ ішкенін есіне алды. Соның салдарынан есейе келе ол әйелде «менен тамақты алып қоймай жатып, тойғанымша жеймін» деген сенім қалыптасқан. Бұл ой елегінен өтпеген әрекет», - деді психолог.

Күйеуімен ұрысып қалған немесе күйзелісті бастан өткеріп жүрген кейбір әйелдерде де осындай жағдай болады.

«Егер қарым-қатынаста қандай да бір мәселе болса, адам салмақты бейсаналы түрде үрейді басып, өзін қауіпсіз сезіну үшін салмақ қоса бастайды. Олар өздерін арық күйде қорғансыз сезінеді. Мұндай жағдайда психологтардың көмегіне жүгінген жөн», - деді Д. Агапов.

Тағы бір өзекті мәселе - анорексия.

«Ішкі сенімсіздік, өз денесін қабылдай алмау, қоғамдық пікірге тәуелділік - анорексияның себептері. Мұнай жағдай көбінесе тамақ мәселесіне қатысты туындап жатады. Өз кемшіліктерін қабылдай алмайтын адамдар жұмысты қиындатады», - деп атап өтті психолог.

Д.Агапов мұндай ауруға көбінесе жасөспірім қыздардың ұшырайтынын айтты.

«Өзін, өз денесін сүйе білу маңызды. Адамдар өзін сүйе білгенде ғана өз денесіне құрметпен қарайды. Барлық берілген кеңестерді өздігінен орындап, басты қағиданы - зиян келтірмеуді ұстанады», - деді маман.  

Соңғы жаңалықтар