ӘЧ: 90,18 ұпай жинаған Денис Тен үшінші орында келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Хельсинкиде өтіп жатқан әлем чемпионатында қысқа бағдарламада өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отандасымыз қысқа бағдарламадан 90,18 ұпай жинап, әзірге үшінші орында келеді.

Айта кетейік, әлем чемпионатының басты фавориттері саналатын спортшылар жарыс жолына енді шықпақ. Олардың қатарында әлем екі дүркін чемпионы испаниялық Хавьер Фернандес, канадалық Патрик Чан және америкалық Джейсон Браун бар.

 

Соңғы жаңалықтар