Абзал Әжіғалиев: Жаңа құрамада бір-бірімізге сәйкесе алмай қалдық

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның шорт-трек құрамасының капитаны Абзал Әжіғалиев эстафеталық жарыстан кейін өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Эстафета ­­­­- командалық жарыс. Бұл жерде біз бір-бірімізге сәйкесуіміз керек еді. Бірақ, жаңа құрамамен біз Олимпиадаға жарты маусым ғана дайындалдық. Негізі, ең кемінде толық бір маусым дайындалуымыз керек еді. Сол үшін біз қателіктерге бой алдырдық. Бас бапкеріміз Мәдіғали Қарсыбеков финалға шығуға тапсырма берген болатын. Біз ол межені орындай алмадық", - деді Абзал Әжіғалиев.

Айта кетейік, қазақстандық шорт-трекшілер эстафеталық жарыста финалға өте алмай қалған еді.

Сондай-ақ, 1000 метр қашықтықта сынға түскен шорт-трекші Нұрберген Жұмағазиев финалға өтпей қалды.

Соңғы жаңалықтар