Абыройдан жұрдай болған ревизор Қостанай сотына шағымданды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қалалық сотына «Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ бас маманы-мемлекеттік аудиторшысы Досжан Төлебаевтан ар-намысын қорғау әрекеті бойынша шағым түсті. Бұл туралы ҚазАқпарат Қостанай облыстық сотына сілтеме жасап хабарлады.

Шағымда мемлекеттік аудитор, қылмыстық әрекеттері үшін жауап беруі тиіс бас бухгалтер Гүлзада Бектұрсыноваға тексерушінің абыройын төгетін мәліметтерді жоққа шығаруды міндеттеуді сұрады.

Бұл туралы Қостанай қаласының №2 сотында «Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры» МҚК директоры Нұрлан Ерекешев, бас бухгалтер Гүлзада Бектұрсынова мен бухгалтер-кассир Менсұлу Күлтаеваға қатысты қылмыстық істі қарау кезінде айтылған.

«Сотта Бектұрсынова «ол кассадан 4 миллион 400 мың теңге алып, ревизор (тексеруші) Төлебаевтың қолына бергенін» айтты, - делінген баспасөз мәліметтерінде.

Бұл мәлімдемені жергілікті баспасөз жариялаған».

Аталған іс бойынша сот отырысы жақын арада өтеді.

Соңғы жаңалықтар