Абылайхан Жүсіпов өзбек боксшысына есе жіберді - ӘЧ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның Гамбург қаласында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында 69 келі салмақта қазақ боксшысы Абылайхан Жүсіпов пен өзбекстандық Шахрам Гиясовтың арасындағы айқас өз мәресіне жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Айта кетерлігі, 69 келі салмақта өзбекстандық Шахрам Гиясов Рио олимпиадасында отандасымыз Данияр Елеусіновпен финалда кездесіп, жеңіліп қалған болатын. Бұл жолғы әлем чемпионатында ол Абылайханмен қолғап түйістірді. Алғашқы раунд қос қарсылас үшін терезесі тең дәрежеде өткен. Айқастың екінші кезеңінде соққы алмасу жағынан Абылайхан алға шыққаны анық болатын. Абылайханның қабағынан алған жарақаты бұл жолы да сыр берді. Бірақ отандасымыз аянып қалған жоқ.

Айқас өзбек боксшысының басымдығымен өтпегендей көрінсе де, төрешілердің шешімі бойынша қазақстандық спортшы жеңіліске ұшырады. Абылайхан Жүсіпов әлем біріншілігінің қола жүлдегері.

Еске сала кетсек, кеше, яғни 31 тамызда қазақстандық 4 боксшы жартылай финалда кездесу өткізген болатын. Төрт боксшының екеуі - Жомарт Ержан және Василий Левит жартылай финалдан өте алмай, қола жүлдені қанағат тұтқан. Ал боксшыларымыздың екеуі Қайрат Ералиев пен Әбілхан Аманқұл финалға жолдама алды.

Соңғы жаңалықтар