«Әбу-Даби Плазадағы» жанжалдан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ- ІІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Әбу-Даби Плазадағы» жанжал барысында қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әбу-Даби Плазадағы» жанжал барысында қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. 2 адам жеңіл жарақат алды. Жанжал аяқталып, болған оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деді Алмас Садубаев.

Айта кетерлігі, бұған дейін Алмас Садубаев елордада салынып жатқан «Әбу-Даби Плазадағы» жанжалды мас үндістандық шығарғанын айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар