Әбу Даби Плаза нысанының жатақханасынан өрт шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Салынып жатқан Әбу Даби Плаза жатақханасының асүйінен өрт шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағандай, асүй аумағында жабдықтар, тұрмыстық техника мен жиһаздар өртенген.

«Өрттің шарпыған аумағы  50 текше метрді құрайды. Өрт сөндіру қызметіне сағат 14.39-да хабар түскен, 14.43-те біздің жасақ оқиға орнына жетіп, 15.01-де жалынды ауыздықтады. Тілсіз жауды жоюға үш техника, №16 мамандандырылған өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 15 адам тартылды», - деді ол.

Иманқұловтың айтуынша, қазіргі таңда өрттің таралу қаупі жоқ. 

Соңғы жаңалықтар