Әбілязовтің сыбайласы ЕҚЫҰ-ға ресми өтінішпен жүгінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - БТА Банк төрағасының бұрынғы орынбасары Жақсылық Жарымбетов еуропалық диполоматқа шетелдік БАҚ оның ұрланғаны туралы ақпаратты жариялауына араласып, тыйым салу өтінішімен жүгінді, деп жазды informburo.kz.

Экс-топ-менеджер ЕҚЫҰ-ға ашық хат жазды. Онда Мұхтар Әбілязов еуропалық журналистер мен жұртшылықты арандатып, сотқа кедергі келтіруде, Жарымбетовтің беделін түсіруде деп жазған. Арыз жазуға 2017 жылғы қаңтарда Жарымбетовті Түркия аумағынан ұстау себеп болған.

Сол кезде польшалық «Ашық алаң» қоры бірнеше мақала жариялаған, онда қазақстандықты «қазақстандық арнайы қызмет ұрлап, отанына алып кетті» деп жазған. Төмен жағында Жарымбетовтің ЕҚЫҰ-ға бағытталған хаты келтірілген. «Польшалық «Ашық алаң» фундациясы Мұхтар Әблязовтің беруімен талдау материалдарының сериясын жариялаған, онда менің Қазақстанға келуімді «ұрлық» деп атаған.

«Мені ешкім ұрламағанын айтқанмын және қайталап айтамын. Қазақстанға өз шешіміммен келдім, маған ешкім қысым көрсеткен жоқ. Ұлыбританияда маған берген саяси босқын мәртебесін пайдалануыма болушы еді, бірақ әдейі олай істемедім. Менің жұбайымның «ұрлады деген» мәлімдемесін Мұхтар Әбілязов пен польшалық «Ашық диалог» фундациясының басшысы, мен тіпті танымайтын Людмила Козловская қарсы пайдаланды.

Ол менің жұбайымды оның жағдайын пайдаланып, менің ұрланғаным жайлы бір хатқа қол қоюға көндірген», - деп жазды хатта Жақсылық Жарымбетов.

Сотта оның мүддесін адвокат Нұрлан Үстеміров қорғады. Ол 2017 жылғы 24 сәуірде Алматыға ЕҚЫҰ орталығына ұйым өкіліне хатты беру үшін келген. «Мен және менің қорғаушым, жалған, тексерілмеген ақпаратты жариялауға тыйым салып, жалған өтінішті жоққа шығаруға мәжбүрлеуі үшін ЕҚЫҰ жағдайға араласуы тиіс.

Жақсылық осылайша өз беделін қалпына келтіргісі келеді, себебі ол әлі сотта сөз сөйлеуі тиіс. Біз еуропалық дипломаттармен және ЕҚЫҰ өкілдерімен жеке кездесіп, жағдайды түсіндіру мүмкіндігін беруді сұраймыз», - деді адвокат.

Бұрынғы топ-менеджерді ұрлау ісі бойынша сотталушылар ішінде бұрынғы төраға орынбасары Жақсылық Жарымбетов, кредиттеу бойынша бұрынғы директор Қайрат Садықов, басқарманың бұрынғы төрағасы Сәдуақас Мәмеш бар.

Адвокаттар үдерісті істің басты фигуранты - М. Әбілязовсыз қарауға қарсы болған жоқ. Жарымбетов өз айыбын толық мойындады. Садықов пен Мәмеш тағылған айыпқа ішінара келісті. ҚР ҚК талаптарына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро Әблязовті жауап алуға келу қажеттілігін екі рет ескертті. Ол келген жоқ, келмеу себебін де айқтан жоқ.

Соңғы жаңалықтар