Абель Санчес: Головкин Альвареспен айқасында Мейвезердің жасай алмағанын жасайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - IBF/IBO/WBA/WBC нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес қамқорлығындағы боксшы Сауль Альвареспен айқаста кіші Флойд Мейвезермен салыстырғанда әлдеқайда жарқын жеңіс көрсетеді деп есептейді.

«Альварестің бірер жыл бұрынғы Флойд Мейвезермен айқасқаны - оны мықты боксшы ретінде танытты. Егер Головкин 16 қыркүйек күні оны соққыға алса, әйгілі жұлдыз болары анық. Өйткені, менің ойымша, Геннадий бұл жекпе-жекте үстемдік танытып, Флойдтың жасай алмағанын жасайды. 16 қыркүйек - Головкиннің  мансабындағы шешуші күн. 16 қыркүйектен кейін де осы сөзді қайталайтындығыма үміттенемін», - деді Санчес BoxingScene-ке берген сұхбатында. 

Соңғы жаңалықтар