Абдолла Гүл Астана процесінің жалғасуына Түркия неге мүдделі екенін түсіндірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Түркияның бұрынғы президенті Абдолла Гүл Сириядағы ахуалды реттеуге негізделген Астана процесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біріншіден, Астана процесі өте маңызды екенін атап өткен жөн, себебі алғаш рет шиеленіс тараптары келіссөздер үстеліне отырды. Осы орайда ішінара болса да оқ атуды доғару қамтамасыз етілді. Әрине, Сириядағы оқиғалар көршілес ел ретінде Түркияға тікелей әсер етеді, бұл өз кезегінде үлкен проблема. Адами тұрғыдан қарастырғанда, онда қанша жан зардап шекті, көптеген адамның өмірі қиылды. Сондықтан Түркия үкіметі Астана процесіне жоғары қолдау білдіреді және оның үдерісіне тікелей мүдделі»,- деді Абдолла Гүл Астана клубының үшінші отырысы барысында тілшілерге берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, Астана процесінің соңғы келіссөздері биылғы 31 қазанда өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар