Әбдірахманов Лавровты Астанаға шақырды

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Ресейдің сыртқы саяси ведомство басшысы Сергей Лавровты осы жылдың қазан айында Астанаға сапармен келуге  шақырды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-ның Мәскеудегі меншікті тілшісі хабарлады.

«Мен өзімнің әріптесім Сергей Викторовичті осы жылдың қазан айында Астанаға шақырдым», - деп мәлімдеді Әбдірахманов екі елдің сыртқы саяси ведомство арасындағы кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында.

«Мен Астанаға сапар жасау туралы шақырту алдым. Қуана қабыл алып, әріптесіме алғыс айтамын», - деді өз кезегінде Ресей СІМ басшысы.

Соңғы жаңалықтар