Әбдіқалықова Туберкулезді бақылау жөніндегі халықаралық конференцияға қатысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Туберкулезді ықпалдастыра бақылау жөніндегі халықаралық конференция жұмысына қатысты.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, ДДҰ Туберкулез жөніндегі бюросының көшбасшысы Масуд Дара, Жаһандық қордың өңірлік менеджері Николя Канто, Кореяның Туберкулез институтының директоры Хи Джин Хим, РФ Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас фтизиатры Ирина Васильева, ҚР-дағы АҚШ Елшісі Джордж Крол, АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің, ҚР Қызыл Ай Қоғамының өкілдері, шетелдік және қазақстандық жетекші ғалымдар, фтизиатрлар мен сарапшылар қатысты.

Конференцияның басты мақсаты туберкулезді бақылауды ықпалдастыра  жүргізу, атап айтқанда медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдары деңгейінде туберкулезді диагностикалаудың және емдеудің жеделдетілген әдістеріне қолжетімділік аясын кеңейту, пациенттер мен дәрігерлердің өзара тең жауапкершіліктерін арттыру болып саналады. 

Конференцияда сөз сөйлеген Г.Әбдіқалықова БҰҰ-ның Мыңжылдық мақсаттарының бірі - туберкулездің таралуын тоқтатуға және 2015 жылға қарай ауру-сырқауды азайту үрдісіне әлемдік қоғамдастық қол жеткізгенін атап өтті. Нәтижесінде 2000 жылдан бастап туберкулезбен ауыру 18%-ға төмендеді. Бүгінде орнықты даму мақсаттарындағы міндеттердің бірі ретінде айқындалған «2030 жылға қарай туберкулез індетін түбегейлі жою» әлемдік қоғамдастықтың күн тәртібінде тұр.

Сондай-ақ, Г.Әбдіқалықова Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қол жеткізген денсаулық сақтау саласындағы жетістіктеріне тоқталды. Мемлекеттік хатшы «Қазақстан-2050» ұзақмерзімді стратегиясында Мемлекет басшысы медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасының деңгейін арттыру үшін қажетті жағдайлар жасау міндетін алға қойғанын айтты.

Мемлекеттік хатшы елімізде туберкулезге қарсы күрестің жоғары деңгейде ұйымдастырылған жүйесі қалыптастырылғанын атап өтті. Ол денсаулық сақтаудың және әлеуметтік қамсыздандырудың барлық қызметтері түрін қамтиды.

БДҰ стандарты - 85% жағдайында туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу тиімділігі 87,6% болды, БДҰ стандарты - 85% жағдайында көптеген дәрілерге көнбейтін туберкулезбен науқастанғандар арасында - 75,1%-ды құрады. Көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру халықтың арасындағы ауру-сырқауды 1,5 есе (100 мың халыққа шаққанда 2011 жылғы 86,6-дан 2015 жылы 58,5-ке), ал туберкулезден болатын өлім-жітімді 2 есе (100 мың халыққа шаққанда 2011 жылғы 8,4-тен 2015 жылы 4,1-ге) төмендетуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, Г.Әбдіқалықова Қалалық кардиология орталығында болды. 

Соңғы жаңалықтар