Абайдағы бассейн құрылысын Еуразиялық топ қаржыландырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық топ (ERG) 2018 жылы «Туған жер - Туған қалалар» бағдарламасын бастады. Ол компания жұмыс жасайтын аймақ әкімдіктерімен бірлесе іске асырылады, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Бағдарлама Еуразиялық Топ өткізген кешенді әлеуметтік зерттеулер негізінде әзірленген. Өңірлердегі нақты қажеттіліктерді анықтау қорытындысы бойынша қаражат ендігі жерде тек жергілікті тұрғындарға қажетті жобаларға бағытталады. Бағдарлама мақсаттарының бірі - жас мамандарды туған қалаларында өмір сүруге және жұмыс істеуге ынталандыру», - делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Абай қаласында жабық бассейн құрылысын бастау, Қарағандыда көру қабілеті нашарлаған балаларға арналған мектеп-интернат құрылысын аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар компания өз қаражаты есебінен «Қызылжар-Шұбаркөл-Баршын-Қорғалжын-Астана» автожолдарын жөндемек. Шұбаркөл және Баршын кенттерінің инфрақұрылымын дамытуға қаржы қарастырылған.

2017-2018 жылдарға арналған әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырудағы өзара ынтымақтастық туралы ERG мен Қарағанды облысының әкімдігі арасында жасалған Меморандум аясында Жаңаарқа ауданындағы Қызылжар кентінің әкімшілігіне жол талғамайтын автокөлік тарту етті.

Компания баспасөз қызметінің ақпаратына сай, 2017 жылы меморандумға сәйкес, ERG өңірдің әлеуметтік саласын қолдап 182,6 млн теңге бағыттаған. Соның 41 млн. теңгесі Шұбаркөл кенті қазандығының жабдықтарын жөндеу мен оның тұрақты жұмысын қамстамасыз етуге жұмсалды. 51 миллионы Шахтинск қаласы мен Шахан ккентіндегі тұрғын үйлердің қазандықтарын жеке шығаруға бөлінген. Сонымен қатар, «Шұбаркөл көмір» АҚ тегін 3 000 тонна көмір бөліп, Қызылжар кентінің тұрғындарын көмірмен қамтамасыз етті.

«Шұбаркөл көмір» АҚ Еуразиялық топ құрамына енеді. Өндірістік қызметінің басты бағыттары: көмірді ашық әдіспен өндіру. Қызметтің басқа да түрлері - спецкокс өндіру, кокс газынан электр қуатын өндіру. Кәсіпорында 2800 адам еңбек етеді.

ERG - кәсіпорындары қазып шығару, өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг салаларында толық біріктірілген, табиғи қорларды өңдейтін әлемдегі ең ірі әртараптандырылған компаниялардың бірі болып табылады. Төрт құрлықта орналасқан 14 елде Еуразиялық Топтың кәсіпорындары мен бизнесті дамыту жобалары жұмыс істеуде. Басқарушы компанияның бас кеңсесі Люксембургте орналасқан. ERG - Қазақстанның тау-кен, металлургия саласының үштен бірін құрайды.

Соңғы жаңалықтар