«Абай» журналының жоғалған саны табылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - «Абай» журналының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында бұрын жоғалды делініп келген 12 саны табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы облыстық Пушкин атындағы кітапханада өткен Абай журналының 100 жылдығына арналған әдеби-тарихи кеште мәлім болды. Сүйінші жаңалықты журналдың бас редакторы Мұратбек Оспановпен бірген келген әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары Алтын Ақынбекова  мен Ризагүл Бакенова жеткізді.

«Бұған дейін кейбір зерттеушілер 1918 жылы журналдың тек 11 саны ғана жарық көрді деген пікір айтып жүрген. Біз 12 саны жарық көргеніне сендік. Өйткені, Мұхтар Әуезовтің кейбір журналға шықты деген мақалаларының тізімдікте аты бар да, өзі жоқ болатын. Сол мақалалар соңғы санның ішінде екен» - дейді журналдың бас редакторы Мұратбек Оспанов.
 null   

Журналдың жоғалған санын жас ғалым Алтын Ақынбекова өткен жылы Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы мұражайдан тапқан. 

«Абай» журналын шығару ұлы ақынның дүниеден өткеніне 10 жыл толуына байланысты Семей қаласында өткен басқосуда қолға алынған. Бірақ азаматтық соғыстың басталып кетуіне байланысты бірнеше жыл кешігіп барып іске асады. Бастақыда журнал айына екі рет шығады деп көзделгенімен, тек ақпан айында ғана бұл жоспар іске асады. Қалған уақытта айына бір реттен шығып отырады. Соңғы табылған 12 нөмірі қаржы тапшылығы себебінен бірыңғай сары қағазға басылған», - дейді Алтын Ақынбекова.

nullАталмыш журналдың жарық көруіне мұрындық болған Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов болған. Қос дүлділ сол кезде «Екеу» деген атпен үзбей мақала жазып отырған. Әр сан Абайдың ғақлия сөздерімен басталған. Журнал тәуелсіздік алған соң қайта жарық көре бастады. Басылымның қайта жарық көруіне Алашорданың соңғы тұяғы Қайым Мұхамедханов себепкер болды. Шара барысында Қайым Мұхаметханов атындағы білім мен мәдениет орталығының директоры Дина Қайымқызы онлайн байланысқа шығып, әкесінің ізі қалған журналдың мерейтойымен құттықтап, ой бөлісті.

nullӘдеби-тарихи кешті ұйымдастырған кітапхана қызметкерлері жиналған жұртты «Біздің Абай» электронды кітапханасындағы «Абай» журналының 1992 жылдан бері шыққан барлық санының электронды нұсқасымен таныстырды.

null

Соңғы жаңалықтар