Абай қаласындағы дәмханадан адамдардың жоғалуы «Кісі өлтіру» бабына ауыстырылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -  Қарағанды облысы Абай қаласында «Визит» дәмханасына келген екі ер адамның  хабар-ошарсыз жоғалып кетуіне қатысты материалдар ҚК-нің 99-бабы («Кісі өлтіру») бойынша қылмыстық істерге ауыстырылды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА ілшісі.

Абай ауданы прокуратурасынан мәлім еткендей, жедел-іздестіру шаралары еш нәтиже бермеген.

Бұдан бұрын хабарланғандай , әскери бөлімдердің бірінде әскери қызметші болып табылатын Темірлан Жұмабеков 16 ақпан күні кешке «Визит» дәмханасынан шығып, жоғалып кеткен. Туыстары мен достары оны үш тәулік күтіп, 19 ақпанда құқық қорғау органдарына жүгінген. Темірлан Жұмабековтің үстінде жоғалған күні сұр құлақшын, күртеше мен көк джинсы болған.

Ал өткен жылдың 10 желтоқсанында 31 жастағы Самат Мұқышев аталмыш дәмханадан шығып, із-түзсіз кеткен болатын. Ер адам киім ілгіште сыртқы киімін қалдырып кеткен. Ол көк джинсы, қара былғары етік, қошқыл-көк түсті жейдеде болған. Оны іздестіру шаралары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар